ка

Тәжікстанда Ан-2 ұшағы құлап, бір адам мерт болды

05.08.2019 13:20
0
0

Тәжікстанның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағының бір ұшқышы қаза болып, екіншісі жараланған.

Жалғыз моторлы Ан-2 ұшағы 4 тамызда парашютшілер тобын жеткізгеннен кейін қайта қонар кезде апатқа ұшыраған.

Үкімет қаржыландыратын ДОСААФ қоғамы қызметкерінің Азаттықтың Тәжік қызметіне (Озоди) хабарлауынша, апат орнынан жеткізілген ұшқыш ауруханада жап тапсырған, екінші ұшқыш ем алып жатыр. Дереккөздің хабарлауынша, Душанбеден 30 километр қашықтағы Фахрабад әуе базасына қонар сәтте кенеттен қозғалтқышы өшіп қалған ұшақ жерге құлап түскен.

Тәжікстанның "Ховар" мемлекеттік ақпарат агенттігі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатын тексеруге кіріскені туралы хабарлады.

Фахрабад әуе базасына құлаған Ан-2 ұшағы 1978 жылы зауыттан шыққан.


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий