Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәжік оппозиционері Ресей билігін айыптады

Тәжік оппозиционері Ресей билігін айыптады

Тәжікстандық оппозиция белсендісі Шарофиддин Гадоев Ресей билігін "өзін ұрлады және Тәжікстанға күштеп депортациялады" деп айыптады. Кейін құқық қорғаушылар араласқаннан кейін Тәжікстан билігі оны Еуропаға жіберген. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.

Гадоевтың сөзінше, ол 2018 жылдың 14 ақпанында Путин әкімшілігінің өкілдерімен кездеспек болған. Кездесу алдында Ресей полицейлері оны басқа көлікке отырғызып, қолына кісен салып алып кеткен.

Гадоевтың айтуынша, ресейлік полицейлер өзін Домодедова әуежайна апарып, "Сомон эйр" әуе компаниясының Мәскеу-Душанбе рейсіне отырғызып жіберген.

"Бұл операцияға Тәжікстан мен Ресейдің арнайы қызметтері ұйымдастырды. Федералдық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігі, әуе компаниясы қолғабыс қылды" деді Гадоев Akhbor басылымына.

15 ақпанда Тәжікстан ішкі істер министрлігі Гадоев елге өз еркімен оралды деп хабарлаған. Билік таратқан видеода Гадоев оппозицияны сөгіп, өзге белсенділерді Тәжікстанға оралуға шақырады. Кейін Гадоев Тәжікстан ішкі істер министрлігі тарапынан қысым болғанын айтқан.

Ақпанда халықаралық құқық қорғау органдары "Гадоевты ұрлап кетті" деп мәлімдеген. Ал наурыздың басында Тәжікстан билігі оппозиционерді босатқан еді. Осыдан кейін Гадоев Германияға ұшып кеткен.

Оқи отырыңыз: "Ұрланған" тәжік оппозиционері Еуропаға жетті

Гадоев 2015-2016 жылдары Тәжікстандағы "24 тобы" оппозициялық қозғалысын басқарған. Ресми Душанбе бұл қозғалысты "экстремистік" деп танып, тыйым салған. Оның алдында "24 тобы" азаматтарды Душанбе мен өзге де қалаларда үкіметке қарсы наразылыққа шығуға шақырған.


Азаттық
Автор
Мадияр