“Екінші Шымкент, мамбеттер”: депутаттыққа кандидаттың аудиожазбасы халықтың ашуына тиді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада мәслихат депутаттығына кандидаттың даулы аудиожазбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада мәслихат депутаттығына кандидаттың даулы аудиожазбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөз

Астанада мәслихат депутаттығына кандидат Владислав Сергеевтің атынан тараған аудиожазбаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Кандидат жазбадағы дауыс өзіне тиесілі емес екенін айтып, полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Астаналық әлеуметтік желілерде тараған аудиожазбада ер адамның елордадағы Оңтүстік-Шығыс ауданының тұрғындары туралы дөрекі сөздер айтқаны естіледі. Жазба авторы оның Владислав Сергеевке тиесілі екенін мәлімдеген.

Аудиода ер адам еріктілерге тұрғындармен қазақ тілінде сөйлесуді тапсырып, Оңтүстік-Шығыс ауданын «екінші Шымкент» деп атаған. Сондай-ақ тұрғындарды қорлайтын сөздер қолданған.

Алайда Владислав Сергеев бұл айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған аудиожазбадағы дауыс өзіне тиесілі емес.

«Threads желісінде мен туралы жалған ақпарат жарияланды. Бұл менің дауысым емес. Бұл – шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат. Сондықтан аудандық полиция бөліміне барып, арыз жаздым», – деді ол.

Кандидат аудиожазба жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ телефонын құқық қорғау органдарына тексеруге беруге дайын екенін жеткізген.

Астана қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Астана қаласы тұрғынының арызы негізінде онлайн-платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазір аудиожазбаның түпнұсқалығы анықталған жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаның мән-жайы белгілі болады.

Еске салайық, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді.

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі