Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болды

Тараздағы көпқабатты үйде жарылыс болды

27 ақпанда таңертең Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, екі адам мерт болды. Төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды

Оқиға қаланың 9-шы ықшам ауданындағы 62-ші үйде болған. Алдын -ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.

Куәгерлердің бейнежазбасынан үйдің бір бөлігінің қирағанын байқауға болады. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен өрт сөндірушілер келген.

Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілген. Үйінділер астынан сегіз адам шығарылды, оның екеуі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр.

Жарылыс болған үйдің тұрғындары осы үйдің жанындағы №41 мектепке орналастырылған.


Азаттық
Автор
Бауыржан