"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда зират құлыптасындағы марқұмдардың суретін бояп, қорлаған

Таразда зират құлыптасындағы марқұмдардың суретін бояп, қорлаған

Тараз қаласы маңындағы «Тектұрмас» қорымына жерлерген марқұмдардың құлпытастағы  суреттерін белгісіз біреулер  бояп кеткен.

Ондағы бас-аяғы 12 мола суреті зақымданып отыр деп жазды Oinet.kz

Мұндай жантүршігерлік жағдайды  қорымның директоры Қадырхан Абдуллаев байқап қалған. – Бұл теріс ағымдағы азаматтардың тірлігі сияқты. Себебі дәл осындай жағдай бірер жыл бұрын Шымкент қаласындағы қорымда да болған.

Онда теріс ағымдағы  мола қарауылы  осылайша өзінің діни көзқарасын көрсеткен болатын. Біз марқұмдардың суретіне жағылған бояулардың барлығын кетірдік. Бірақ бұны былай қалдыруға болмайды. Облыстық полиция департаментіне шағым түсірдік. Тез арада вандализммен айналысқандарды тауып, жазасын беру қажет, – дейді Қ.Абдуллаев.

Облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов бұл мәселені жіті бақылауына алғанын айтып отыр.

Автор
Еркебұлан