KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Таразда ұятты видео түсірген жасөспірімдерге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

• Айжан Сыланова
Фото: Жамбыл облысының ПД

Таразда кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген әдепсіз видеоның таралуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі оқиғаның өзіне қатысты болса, екіншісі видеоны әлеуметтік желіде жариялап, таратқан адамдарға бағытталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Балалардың ата-аналары тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, полиция құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында білім басқармасы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс жолдаған.

Ведомство видеоны интернетте таратқан адамдарға қатысты да қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полиция порнографиялық материалдар мен өзге де заңсыз контентті жариялау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы толық анықталып, қатысы бар адамдардың әрекеттеріне заң аясында баға берілмек.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →