Ақтөбе қаласында мектеп маңындағы қоқыс алаңынан ер адамның мәйіті табылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 55 жастағы ер адамның денесін аула тазалаушы қызметкер байқап қалған. Марқұмның мәйіті қоқыс жиналатын жерден табылған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адамның денесі торлы сөмкеге салынып жасырылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.