"1,5 сағаттық жұмысты 1,5 минутта орындайды": Қазақстанда мұғалімдерге арналған ЖИ агенті жасалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Кәрім Мәсімовтың туысы” сотталды

“Кәрім Мәсімовтың туысы” сотталды
Фото: ашық дереккөз

Алимжан Кадыров таныстарының сеніміне кіріп, түрлі мәселелерін шешуге көмектесетінін айтып, ақша алған. Атап айтқанда, жер телімін рәсімдеу, алма бағын қайтару және шетелге шығу мәселелерін реттеп беруге уәде еткен.

Алматыда өзін Кәрім Мәсімовтің туысы ретінде таныстырып, төрт адамнан ірі көлемде ақша алған бұрынғы полиция полковнигі сотталды. Ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұдан бөлек, ол Кәрім Мәсімовтің жұбайын емдету қажет деген сылтаумен де ақша сұраған. Осы әрекеттері арқылы төрт адамнан жүздеген мың доллар алған.

Алматы соты бұрынғы полиция полковнигін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енген.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Кадыров жазасын өзі атын жамылған Кәрім Мәсімовпен бір түзеу мекемесінде өтеуі мүмкін.

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.