Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты сот үкімі шықты. Алмалы аудандық соты оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Сот үкімі 27 қарашада жарияланды. Шешімге сәйкес, Санжар Боқаев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
Бұған дейін, 26 қарашада өткен сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Санжар Боқаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал осы іс бойынша айыпталған Мадияр Қалменовке жеті жыл бас бостандығынан айыру, Ұлан Нүсіпқожаға екі жыл алты ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау ұсынылған.
Санжар Боқаевтың адвокаттары соттан оны толық ақтауды сұраған. Алайда сот Боқаевқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.