KZNews.kz
Сарапшы пікірі

"Суперпрезиденттік модель артта қалса да, Үкімет жалтақтап жұмыс істеуден арыла алмай келеді" – Риззат Тасым

Жарқын Омаров
Фото: Р. Тасымның жеке мұрағатынан

Сасаттанушы Риззат Тасым суперпрезиденттік модель артта қалса да, Үкімет өздігінен сапалы жұмыс істеуге кейде қауқарсыз деген пікір айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі дәстүрлі кеңейтілген отырыс, формалды түрде үкіметтің күн тәртібіне арналса да, нақтысында алдағы заңнамалық бастамалардың да бағыт-бағдарын айқындап берді.

"Президент өз сөзінде үкімет пен әкімдердің жұмысындағы оқылықтарды өте нәзік әрі терең көрсетті. Әсіресе қаражаттың игерілуін жай ғана бақыламай, әрбір бюджет теңгесінің азаматтардың өмір сапасын нақты жақсартуға қаншалықты қызмет ететінін жүйелі бағалауға қатысты. Меніңше, әрбір қатысушы осы кездесуден нақты ұйымдастырушылық бағдар алды. Енді кез келген мәселені беталды «ақшамен төгу» арқылы емес, дәл «хирургиялық» тәсілмен, нақты нәтижеге бағытталған шешімдер арқылы шешу кезеңі басталды", - дейді сарапшы

Саясаттанушы ең бастысы, суперпрезиденттік модель артта қалды, үкіметке әрекет етуге белгілі бір еркіндік берілді дейді.

"Дегенмен, кейбір мәселелерде ол әлі инертті, бағытынан адасқан күйде жұмыс істеп келеді. Қазіргі үкімет бұрынғы президенттік қатаң бақылаусыз тиімді жұмыс істеуді толық меңгерген жоқ. Ол бұрынғы жүйенің, қос билік кезеңінің салдары. Сондықтан бүгінгі министрлер кабинетінің алдағы тағдыры өз қолында. Президент меңзеген оқылықтарды тез арада жойса, өз мерзімін ұзартары анық", - дейді Риззат Тасым.

Айта кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартқанын мәлімдеген еді. 

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →