"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Сіз қаладағы жолмен жүріп көрген адамсыз ба?": Семей әкімінің желідегі жазбасы халықтың ашуландырды

"Сіз қаладағы жолмен жүріп көрген адамсыз ба?": Семей әкімінің желідегі жазбасы халықтың ашуландырды

Семей әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қаладағы жолдарды мақтап жазған жазбасы тұрғындардың шамына тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде күні қаладағы жолдардың 78%-ының жағдайы жақсы", -  деп жазыпты қала басшысы.

Шенеуніктің бұл айтқаны халыққа жақпаған сыңайлы, ашулы тұрғындар Instagram желісіндегі жазбаның астына өз пікірілерін жарыса жазуда.

"Жолдардың 78%-ының жағдайы жақсы дей ме? Бұл көрсеткіш қалай есептелді? Қазір бір сау көше жоқ, жолдардың барлығы шұрық-тесік. Айтып отырғаным - қаланың қақ ортасындағы жолдар, шеткі көшелердің жағдайы тіпті қорқынышты. Біреу өтірік ақымақ болып оытрған сыңайлы", - деп жазыпты бір желі қолданушысы.

"Сіз Семейдің көшелерімен жүріп көрдіңіз бе?", - дейді тағы бір желі қолданушысы.

"Мүмкін ол жолдардың 78%-ында шұңқыры бар деп айтқысы келген шығар?", - деп жазыпты тағы бірі.

Автор
Еркебұлан