KZNews.kz
Танымал

Шавкат Рахмонов ресейлік журналиске сұхбат беруден бас тартты

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Бұл оқиға салмақ өлшеу рәсімінен кейін сахна сыртында орын алған.

«Номад» лақап атымен танылған Рахмонов жанкүйерлермен емен-жарқын жүздесіп, естелікке суретке түсіп, қолтаңба үлестіргенімен, ресейлік ақпарат өкілдеріне сұхбат беруге келіспеген.

Айта кетейік, бұл кеште Шавкат Рахмонов отандасы Асу Алмабаевтың бұрышында болып, жекпе-жек барысында оған кеңес бермек. Алмабаевтың қарсыласы — Перу елінің өкілі Хосе Очоа. Бастапқыда октагонға өзбекстандық Рамазан Темиров шығуы тиіс болған, алайда ол допинг дауына байланысты турнирден шеттетілді.

UFC Fight Night турнирі Астана уақытымен 21:00-де басталады. Асу Алмабаевтың жекпе-жегі 27 шілдеге қараған түні 00:30 шамасында өтеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →