Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Күні кеше әйелімен ажырасқан Шавкат Рахмонов қайта татуласты (ВИДЕО)

Күні кеше әйелімен ажырасқан Шавкат Рахмонов қайта татуласты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жеке өміріне қатысты соңғы уақытта әлеуметтік желіде тараған түрлі әңгімелерге байланысты заңгер Мейірман Шекеев пікір білдірді. Ол Qazaqordasy арнасына берген сұхбатында спортшы мен жары Гүлайым Рахмонованың қазіргі отбасылық жағдайына қатысты мәлімет айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің сөзінше, Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова арасында ажырасуға қатысты құқықтық процесс басталғаны рас. Бұған дейін ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы ресми түрде арыз берген.

"Иә, Гүлайым Рахмонова мен Шавкат Рахмонов ажырасуға арыз бергені рас. Басында олар бұл процесті бастады", – деді Мейірман Шекеев.

Алайда кейін тараптар өзара тіл табысып, сотқа берген өтініштерін кері қайтарып алған.

"Кейін олар татуласып, берген арыздарын кері қайтарып алды. Қазіргі таңда екеуі заңды түрде ажыраспаған", – деп нақтылады заңгер.

Осылайша, Шавкат Рахмоновтың отбасылық жағдайына қатысты желіде тараған сыбыстарға заңгер тарапынан түсініктеме берілді. Оның айтуынша, спортшы мен жұбайы қазіргі таңда ресми түрде ерлі-зайыпты болып саналады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер