UFC-дің жартылай орта салмағындағы жаңа чемпион Ислам Махачев алдағы титулдық жекпе-жекке қарсылас таңдауда қазақстандық Шавкат Рахмоновты басты үміткер ретінде қарастырмай отыр. Бұл туралы MMA UKбасылымы хабарлады.
Журналистердің мәліметінше, Махачев қазір дивизионда ерекше жағдайға тап болған. Ол спорттық мұрасын айқындайтын айқас өткізгісі келіп, бұрынғы чемпион Камару Усманмен жекпе-жекке шығуға ниетті. Алайда бұл шешім рейтингтегі өзге спортшылардың наразылығын тудырған.
Нәтижесінде жартылай орта салмақта титулға үміткерлер бірнеше топқа бөлінді. Жаңа толқын ретінде Майкл Моралес пен Карлос Пратес аталып жүр. Сонымен қатар, өз амбициясын ашық білдіріп жүрген Иэн Гэрри бар. Ал бір кездері басты фаворит саналған, жеңіліссіз рекордымен танылған Шавкат Рахмонов қазір «көлеңкеде қалған үміткер» ретінде сипатталуда.
Басылымның жазуынша, Рахмоновтың рейтингтегі орнын әлсіретуіне оның ұзақ уақыт октагонға шықпауы әсер еткен. Қазақстандық файтер бір жылға жуық жарақат салдарынан жекпе-жек өткізбеген.
Бұл жағдайға Ислам Махачев нақты көзқарасын білдірген. Чемпионның пікірінше, белсенділік танытпай жүрген спортшы бірден титулдық айқасқа үміткер бола алмайды. Осылайша, Махачев Шавкат Рахмоновты қазіргі таңда чемпиондық жекпе-жекке басты кандидаттар қатарынан шығарып тастағанын ашық аңғартты.