"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан әйелдің кім екені белгілі болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан әйелдің кім екені белгілі болды

Египеттің Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан Scat әуекомпаниясының жолаушының есімі белгілі болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі КазТАГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан тұрғын Қазақстанның ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова болып шықты.

"Ақмарал апа, бұған сене алар емеспін! Қалай?! Бүгін Египетте анамның жақын досы, менің кіндік шешем өмірден озды. Оқиғаны жаңалықтардан білесіздер", – деп хабарлады журналист Әнуар Шалекенов.Ол Мұқанованың ұзақ жылдар ішкі істер органдарында жұмыс істегенін, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Астанада тұрғанын айтты.

"Ол мейірімді жан еді", – деп атап өтті Шәлекенов.

Еске салайық, Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кеткен еді. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған. Салдарынан қазақстандық әйел көз жұмды. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.