Сот автобус жүргізушісін Ресей федерациясының қылмыстық кодексінің 264 бабы (жол қозғалысы ережесін бұзу және көлiк құралдарын пайдалануда абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша айыпты деп танып, екі жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Қазақстандық жүргізуші жазасын Ресейдің қоныстану колониясында өтейтін болады.
Жол апатына «Саратов - Орал» бағытындағы жолаушылар автобусының темір жол өткеліне шығып кетуі себеп болған.
Оқиға былтыр қарашаның 17-і күні Ресейдің Саратов облысындағы Озинск ауданында болған. Жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Автобуста жеті адам – екі қазақстандық және бес өзбекстандық азаматтар отырған. Апат салдарынан Өзбекстан азаматтары түгел қаза болған, ал көлік жүргізушісі мен оның көмекшісі – Қазақстан азаматтары ауруханаға жеткізілген.
Азаттық