Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауға алынды

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауға алынды
Фото:ЖИ / JasAlash

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, екі басшы 12 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал 14 қарашада тергеу соты оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиев сот санкциясымен қамауға алынды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр», – делінген ведомствоның Tengrinews.kz басылымына берген жауабында.

Бұған дейін ҰҚК 11 қарашада жүргізілген операция барысында Жақыпов пен Отыншиевтен бөлек, өзге де тұлғалардың ұсталғанын хабарлаған еді. Қазір істі комитеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеп жатыр.

Алайда күдіктілерге қатысты істің нақты мән-жайы мен тағылған күдіктің егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ. ҰҚК мұны Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға қойылған шектеулермен түсіндірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.