Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті
Ашық дереккөз

Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Құрылтай депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан жеткізді.

Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі жазбасында ақынның өмірден өтуі қазақ өнері мен мәдениеті үшін ауыр қаза екенін атап өтіп, марқұмның туған-туыстарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz

– Қазақстанның Халық ақыны, аяулы Апамыз Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өкінішті… Алла әйгілі Тұлғаның иманын жолдас, алдын пейіш, артын кеніш қылғай. Әсия Әйіпқызымен атамұра өнеріміздің бүтін бір дәуірі кетіп барады… – деп жазды Жанарбек Әшімжан.

Сондай-ақ ол саналы ғұмырын қазақ өнері мен мәдениетіне арнаған ақынның жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

– Барша әріптестеріне, ағайын-туыстарына, шәкірттеріне, артындағы ел-халқына қайғырып көңіл айтамыз. Бар ғұмырын Қазақтың өнері мен мәдениетіне арнаған асыл жанның бейнесі жанымыз барда жадымызда сақталады. Бақұл болыңыз, Апа… – деді ол.

Әсия Беркенова қазақтың айтыс өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан. Ол республикалық ақындар айтыстарында қазылар алқасының құрамында болып, жас ақындардың өнерін бағалауға атсалысты. Ақын III дәрежелі «Барыс» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.