Кәсіпкердің айтуынша, осыдан он жыл бұрын анасының 54 жасқа толған мерейтойын Тұрсынбек Қабатов ақысыз жүргізіп берген. Әділет Байнашев сол кездегі жақсылығын ұмытпай, арада уақыт өтсе де алғыс білдіруді жөн көрген.
Танымал кәсіпкер Әділет Байнашев әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа осыдан он жыл бұрын көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, Умра қажылығына жолдама сыйлады. Алайда күтпеген сый әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұрттың пікірі екіге бөлінді, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол анасының туған күнін атап өтуге дайындық кезінде әзілкештің өзі тегін жүргізіп беруге ұсыныс жасағанын еске алды.
«Ағам тегін жүргізіп беремін деді. Нартәуекел деп тақырып тауып алдым өзім. 2-3 күн ойланып, “Анамның барына Аллаға шүкір” деп қойдым», – деді кәсіпкер.
Бұл сыйлық желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі Әділет Байнашевтың адамгершілігі мен бұрынғы жақсылықты ұмытпағанын құптаса, енді бірі әзілкештің жеке өміріне қатысты сын айтты.
«Жіберіңіз, есі кіріп қалар», «Жарайсың, Әділет!», «Әйелі көргенді екен», «Қатыны мен балаларын тастаған еркекке не Умра керек?», «Аш кездегі жақсылық ұмытылмайды», «Кино көргендей болдым», – деп жазды желі қолданушылары.
Осылайша, кәсіпкердің он жыл бұрынғы жақсылыққа жасаған алғысы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.