Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ноталық сауаты жоқ”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпелі

“Ноталық сауаты жоқ”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпелі

Өнер иесі бұл туралы журналист Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Композитор Марат Омаров әнші Нұрлан Өнербаевпен «Анашым» әніне байланысты туындаған түсініспеушілікке қатысты пікір білдірді. Ол даудың себебін түсіндіріп, әншінің авторларды атап өтуі керектігін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, Нұрлан Өнербаевтың көпшілік алдында «37 жыл бойы мен айтып келдім, енді айтпаймын» деуі орынсыз болған. Композитор әншіден шығарманы орындауға тыйым салмағанын, тек авторларды ескертіп отыруды сұрағанын жеткізді.

«Оған рұқсат бермеймін деп ешкім айтқан емес. Авторын айтсын да айта берсін. Өзінің Алла берген дауысы бар. Ол жағынан сөз жоқ», – деді Марат Омаров.

Сондай-ақ композитор Нұрлан Өнербаевтың музыкалық біліміне қатысты пікір білдіріп, әншінің дауысын өзі театрға барып жаттықтырғанын айтты. Оның сөзінше, орындаушының интонациясын түзетуге көмектескенімен, әншінің ноталық сауаты жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.