Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сағынтаев көмір бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

Сағынтаев көмір бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне көмір бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.

Үкімет басшысы көмір бағасы көмір сататын орындарда (тупиктерде) арзандағанын жеткізді. Оның пікірінше, енді көмірді халыққа жеткізу жергілікті әкімдердің жұмысы екен.

«Көлікпен тиісті жерге жеткізу - бұл жергілікті әкімдердің жұмысы. Бұл жұмыстар атқарылмайтын болса, көмір бағасының 17-20%-ке дейін төмендеуі тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің қалтасына кетеді. Ал тұтынушы ешқандай төмендеушілікті көрмейді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осы орайда премьер-министр әкімдерге аталған мәселені назарда ұстауды тапсырды.

«Әкімдер осы жұмыстарды жүргізуі қажет. Үкімет пен министрлік өз жұмысын жасады. Негізгі көмір өндірушілермен келісімшарттар жасалып, жұмыстың бәрі бітті. Енді негізгі тұтынушыларға дейінгі жұмысты қолға алуды сұраймыз», - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан