Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында жүк пойызы адамды қағып, қайғылы оқиға орын алды

Ақмола облысында жүк пойызы адамды қағып, қайғылы оқиға орын алды
Фото: ЖИ

Қайғылы жағдай 19 қарашада Шортанды мен Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам рельстің үстінде отырған. Оны байқаған машинист шамамен 300 метр қашықтықтан шұғыл тежеу жүйесін іске қосқанымен, пойызды тоқтатуға үлгермеген.

Ақмола облысының Шортанды ауданында теміржол бойында отырған ер адамды жүк пойызы қағып кетті. Ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның Шортанды ауылының тұрғыны екені анықталды. Оның теміржол бойында қандай жағдайда болғаны және рельстің үстіне не себепті отырғаны әзірге белгісіз.

Оқиғаға байланысты Астана станциясындағы көлік полициясы басқармасы қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«19 қарашада Астана станциясындағы көлік полициясы басқармасы теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар полиция тұрғындарға теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын еске салды. Азаматтарға теміржолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы кесіп өту, пойыз жақындаған кезде құлаққапты шешу және вагондардың үстіне шықпау қажеттігі ескертілді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.