Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жалдамалы пәтерде тұрамыз”: Олжас Абайдың экс-әйелі балаларының жағдайымен бөлісті

“Жалдамалы пәтерде тұрамыз”: Олжас Абайдың экс-әйелі балаларының жағдайымен бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко әңгіме барысында Аймира Аманнан Олжас Абай балаларға пәтер алып берді ме деп сұрады. Бұған жауап берген әйел әзірге жағдай өзгермегенін жеткізді.

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы Аймира Аман балаларына жеке пәтер алып беру туралы экс-күйеуінің уәдесі әзірге орындалмағанын айтты. Оның сөзінше, балаларымен бірге әлі де бұрынғы баспанасында тұрып жатыр. Бұл туралы ол Qoslike бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Аймира бұрынғы күйеуінің уәдесін орындауын күтіп жүргенін айтып, актердің балаларын қолдауға атсалысатынына үміт білдірді.

«Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде», – деді Аймира Аман.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында бірінші отбасымен арадағы мәселелердің реттелгенін айтып, балалары алдындағы әкелік міндетін атқарып жүргенін мәлімдеген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.