ка

Қызылордада АН-2 ұшағы қонуға мәжбүр болды

19.05.2025 10:17
0
33
Қызылордада АН-2 ұшағы қонуға мәжбүр болды

Қызылорда облысында АН-2 ұшағы қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды  Kznews.kz порталы.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Кеше ТЖМ-нің кезекші бөліміне Қызылорда облысында “Тан-Күмкөл” бағытына бет алған АН-2 ұшағы мәжбүрлі қону жасағаны туралы хабарлама келіп түсті», – делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында үш адам болған. Экипажбен байланыс үзілген, олардың қайда екені белгісіз болған.

ТЖМ барлық күш пен құралдарды дереу жұмылдырды, іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы да қосылды.

«Сегіз сағатқа созылған қарқынды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, түннің ортасында, жоғалғандар далада табылды. Экипаж Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентіне эвакуацияланды. Абырой болғанда, олар медициналық көмекке мұқтаж болмады», – делінген хабарламада.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий