Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайда ұйғыр көтерілісінен кейінгі жаппай ереуіл: Моңғолдар мектепті қытай тілінде оқуға қарсы шықты

Қытайда ұйғыр көтерілісінен кейінгі жаппай ереуіл: Моңғолдар мектепті қытай тілінде оқуға қарсы шықты

Қытайдың Ішкі Моңғол Автономиялық Регионынан шығатын «Нэймэнгу жибао» газетінің 27 қараша күнгі ақпаратына сәйкес, осы автономиялық регионның Халық Өкілдері Жиналысының Тұрақты Комитеті өлкелік өкіметтің хатшылар алқасының жетекшісі Бао Чжэнюи мен автономиялық регион білім басқармасының басшысы Хоу Юаньді қызметтен алып тастаған.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Ерлан Мазан жазды.

Сарапшылардың пікірінше бұл осы аймақта 2020 жылдың тамыз айынан бері оқулық реформасына байланысты жалғасып келе жатқан толқуларға қатысты болуы мүмкін.

Ішкі Моңғол Автономиялық Регионының Білім Басқармасының тамыз айындағы қаулысына сәйкес 1-ші қыркүйектен бастап жергілікті бастауыш мектептерде моңғұл тілі пәнін оқу бағдарламасынан алып тастау көзделген болатын.

Бұл реформа жергілікті тұрғын халықтың наразылығын тудырып, оның соңы өлкеде он жылдан бері болмаған ереуілдерге ұласады.

Жергілікті қоғамдық қауіпсіздік органдары бұл жиылыстарды заңсыз деп ұйғарып, жүздеген ата-ана мен мұғалімді қамауға алады.

Бұл саясат әсіресе шетелдерде тұратын қытайлық моңғұл дияспорасының қатаң наразылығын тудырып, мәселенің халықаралық қауымдастықтың назарына ілінуіне түрткі болады.

Автор
Еркебұлан