“Ноталық сауаты жоқ”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпелі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда сауда үйіндегі ана мен бала бөлмесінен мәйіт табылды

Қарағандыда сауда үйіндегі ана мен бала бөлмесінен мәйіт табылды
Фото: Getty images

Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 16 қарашада болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамның мәйіті сауда үйінің екінші қабатындағы ана мен балаға арналған бөлмеден табылған. Сауда орталығы қызметкерлері оны шамамен сағат 18:00-де анықтаған.

Полиция марқұмның өлімін растады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Алайда өлімнің нақты себебі тергеу нәтижесінде белгілі болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.