“Ноталық сауаты жоқ”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпелі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Көңілдесіне Cartier сатып алып жатса...": Қазақстанда шенеунікті рұқсатынсыз қай кезде суретке түсіруге болады?

"Көңілдесіне Cartier сатып алып жатса...": Қазақстанда шенеунікті рұқсатынсыз қай кезде суретке түсіруге болады?
ozgurcankaya/Getty Images

Құрылтай брифингінде журналист мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтан адамның бейнесін келісімінсіз жариялауға қатысты заңнамалық түзетулердің қалай қолданылатынын сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист мысал ретінде жарты миллиард теңгеге көңілдесіне Cartier әшекейлерін сатып алып жатқан шенеунікті келтірді. Ол мұндай кадрларды шенеуніктің рұқсатынсыз жариялауға бола ма деген сауал қойды.

Журналистің айтуынша, мемлекеттік қызметшілер арнайы форма кимейтіндіктен, олардың қызмет бабында жүрген-жүрмегенін анықтау қиын.

Арман Қырықбаевтың сөзінше, егер журналист шенеуніктің заңбұзушылыққа барғанын немесе қызметтік әдеп нормаларын сақтамағанын түсіріп алса, материалды жариялау үшін оның келісімін алудың қажеті жоқ.

«Мұны сіздің тараптан жасалған бұрыс әрекет деп санамаймын», – деді министр.

Ал шенеунік жұмыстан тыс уақытта балаларымен демалып жүрсе және ешқандай заң бұзбаса, оның жеке өміріне араласу дұрыс емес екенін айтты.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі