Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, бас штабтың жетекшісі Сұлтан Камалетдинов сенат брифингінде журналистердің сұрағына қазақ тілінде жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Журналистер брифинг барысында сенатта талқыланған резервтегі қызмет жайлы сауал қойған еді. Вице-министр конституциялық құқығы барын айтып, сұраққа орыс тілінде жауап берді.

“Әскери қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Мен конституциялық құқығыма сәйкес қай тілде жауап беруді таңдасам, сол тілде жауап бере аламын. Сонымен қатар жиын өктізген кезде азаматтар барлық әскерилер секілді жеңілдіктерді пайдалана алады. Оның ішінде тамақпен қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар мен медициналық көмек бар”, – деді Камалетдинов.

Вице-министрдің сөзінше, аталған заң жобасы елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды.
Фото: Қорғаныс министрлігі

Автор
Данияр