Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның тоғыз қаласында "ашық аспан" режимі енгізіледі

Қазақстанның тоғыз қаласында "ашық аспан" режимі енгізіледі

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

"Ашық аспан" режимі шетелдік әуе компанияларына облыстардағы ірі қалаларға рейс жасауға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанның бірнеше қаласының әуежайларында "ашық аспан" режимі енгізіледі. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында "ашық аспан" режимін енгіземіз", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап Нұр-Сұлтанда "ашық аспан" режимі енгізілген. Үш жылда қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушылары 19 жаңа маршрут ашты, оның ішінде Токио, Варшава, Будапешт, Хельсинки және тағы басқа қалалар бар. Бұдан бөлек, Лондон, Мәскеу, Бейжің, Стамбұл бағыттары бойынша ұшу жиіліктері өсуде. 

"Қазақстандық тасымалдаушылар Шанхай, Сингапур, Нью-Йорк сияқты ірі қалаларға рейс ашуды жоспарлап отыр. Бүгінде Қазақстанның 26 мемлекетпен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы бар", - деді министр.

Атамқұлов бірқатар шетелдік әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығуды көздеп отырғанын атап өтті.

"Жақын болашақта "Emirates", "Qatar Airways", "China Eastern", Орал авиажелілері, Победа және тағы басқа авиакомпаниялар келеді деп күтілуде", - деді ведомство басшысы.

Бұған қоса, министрлік барлық шетелдік авиакомпанияға жетекші қаржы орталықтарына ұшу үшін  бесінші әуе еркіндігін ұсынуды жоспарлап отыр.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан

Журналист