KZNews.kz
Қаржы

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін көтеру көзделіп отыр - Ұлттық банк

Жарқын Омаров
Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шегін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бұл шара зейнетақы төлемдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақы активтерінің көлемі 12 пайызға өсіп, 25,1 трлн теңгеге жеткен. Осы кезеңде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы 1,8 трлн теңгені құрады.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, Ұлттық қор үлгісі негізінде ұзақ мерзімді кірістілікті арттыру мақсатында акциялар мен баламалы қаржы құралдары сияқты жоғары табысты активтерге инвестиция үлесін көбейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Сүлейменов зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін ауыстыру коэффициентін көтеру қажет екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу талаптарын қатаңдатуды талап етеді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →