Отбасы банк зейнетақы жинақтарын емдеуге пайдалану мүмкіндігін қалпына келтіру үстінде, биылғы жылдың соңына дейін процесті онлайн форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өткен күзде үкімет 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап жаңа өтінімдерді қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған, емдеуге арналған қаражатты пайдалану мерзімі 2026 жылғы 15 сәуірге дейін деп көрсетілген еді.
«Қаражатты мақсатсыз пайдаланған халықтың 10%-ының кесірінен 90% салымшы бұл мүмкіндіктен айырылды. Мен оны әділетсіз деп санаймын. Біз қазір процесті біріздендірумен айналысып жатырмыз. Жүйеде стоматологиялық клиникалар және қызмет көрсететін барлық клиникалар болады. Онлайн форматта орындалған жұмыстардың актілері рәсімделіп, Денсаулық сақтау министрлігімен біріктіріледі. Барлығы ашық әрі түсінікті болады. Адамдар өз қаражаттарын жинауды жалғастыра алады, бұл процесс биылғы жылдың соңына дейін онлайн форматқа көшіріледі», – деді Ибрагимова үкіметтегі брифингте.
Ол сондай-ақ тоқтату немесе қаражатты алу Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен жүзеге асатынын түсіндірді. Қазіргі уақытта банк тиісті жобаны әзірлеу үстінде және зейнетақы қаражатын алуды тоқтатуды 15 сәуірге дейін аяқтау мүмкін емес, себебі басымдық кезекте тұрғандарға және жүйені автоматтандыруға беріледі, оның ішінде көпбалалы отбасыларға қатысты мәселелер де қаралады.
Ибрагимованың айтуынша, жүйе қазір автоматтандырылған, бірақ әлі өздігінен қаражат алу мүмкіндігі жоқ, сондықтан қосымша өзгерістер жүргізіліп жатыр. Зейнетақы қаражатын емдеуге пайдалану 3-4 тоқсанда қайта қалпына келтіріледі.