Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зейнетақы жинағын шешіп алуға қатысты қандай өзгерістер енгізіледі

Зейнетақы жинағын шешіп алуға қатысты қандай өзгерістер енгізіледі
Сурет нейрожелі көмегімен жасалды

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты жеткіліктілік шегін қайта қарау ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулер жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат 21 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Министрлік ұсынған өзгерістерге сәйкес, жинақтың ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу тәсілі қайта қаралады. Атап айтқанда, есептеу кезінде кейінге қалдырылған өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құнын ескеру көзделіп отыр.

Ведомство бұл шаралар болашақтағы БЖЗҚ төлемдерінің көлемін арттыруға және олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев бұл бастаманы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үрдісінің артуымен байланыстырды.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сәйкес, зейнетақы жинақтарын ең жиі алатындар – 20–35 жас аралығындағы азаматтар. Соңғы бес жылда алынған қаражат көлемі шамамен 5 трлн теңгеге жетті», – деді министр.

Айта кетейік, жеткіліктілік шегі – азаматтардың БЖЗҚ-дағы жинақтарының белгілі бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігін анықтайтын негізгі көрсеткіш.

Қазіргі уақытта құжат қоғамдық талқылауда, ұсыныстар мен пікірлер 21 сәуірге дейін қабылданады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.