KZNEWS.KZ
Білім

Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне шектеу қойылды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру іс-шараларына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, аттестат тапсыру рәсімі тек мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс. Сонымен қатар, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерде ұйымдастыруға тыйым салынды.

Министрлік өкілдері оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде жол берілмейтінін де атап өтті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →