Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?

Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
Фото: Kazinform/ Freepik

Мектеп бітіру кештері ресми түрде қарапайым форматта өтуі тиіс деп айтылғанымен, кей өңірлерде түлектердің соңғы кеші шағын тойдан кем түспейтін деңгейге жетті, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолар мен ата-аналардың әңгімелеріне қарағанда, кей мектептерде бір түлекке жұмсалатын шығын 300-500 мың теңгеге дейін барған.

Ең алдымен киім мәселесі тұр. Қыз балалардың кешкі көйлегі, аяқ киімі, макияжы мен шаш үлгісіне ғана 150-300 мың теңге кетеді. Кейбірі арнайы дизайнерлік көйлек тіктіріп, шығынды одан әрі арттырған.

Одан кейін фото және видео қызметі қосылады. Көптеген сыныптар кәсіби мобилографтар мен фотографтарды жалдап, бірнеше күндік түсірілім ұйымдастырған. Мұндай қызметтің құны кей жағдайда 500 мың теңгеден асып кеткен.

Мейрамхана шығыны да аз емес. Ірі қалалардағы сәнді мейрамханаларда өткізілген кештердің бағасы бірнеше миллион теңгеге жеткен. Бұған жүргізушілер, безендіру, фотозона, шоу-бағдарлама және арнайы қонақтардың қызметі қосылады.

Кей мектептерде ата-аналар сынып болып 8-10 миллион теңге көлемінде қаражат жинағаны туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Мұндай сомаға кей өңірлерде бір бөлмелі пәтердің алғашқы жарнасын төлеуге болады.

Ал қарапайым отбасылар үшін мұндай шығын ауыр салмаққа айналып отыр. Кей ата-аналар несие алуға немесе қарыз сұрауға мәжбүр болғанын жасырмайды.

Дегенмен түлектер мен олардың ата-аналарының пікірі екіге бөлінеді. Бірі мектеппен қоштасу өмірде бір-ақ рет болатын ерекше сәт десе, енді бірі бірнеше сағаттық кеш үшін жүздеген мың теңге жұмсауды орынсыз ысырап санайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.