Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Оқушыларға мектеп бітіру кешін мейрамханада тойлауға тыйым салынады

Оқушыларға мектеп бітіру кешін мейрамханада тойлауға тыйым салынады
Фото: shutterstock.com

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады. Енді оқушыларға мектеп бітіру кешін мейрамханада тойлауға тыйым салынады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.

Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады.

"Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді", - делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі