Қоғам

Қазақстанда алғашқы АЭС салуға кем дегенде 14 миллиард теңге жұмсалмақ

Қазақстанда алғашқы АЭС салуға кем дегенде 14 миллиард теңге жұмсалмақ

АЭС салу үшін Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыру ұсынады. Атомдық энергия жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салуға қанша қаражат жұмасалатынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, жобаның нақты құны техникалық-экономикалық негіздемеге қарап анықталады.

“Яғни, қазір бізде конкурсқа қатысушы вендорлар ұсынған индикативті параметрлер бар. Алайда оларды қазір жариялай алмаймыз, себебі бұл мәліметтер процеске қатысушылар жасаған құпиялылық туралы келісіммен қорғалған. Дегенмен әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның құны кемінде шамамен 14 миллиард долларға шығады", – дедіи Алмасадам Сәтқалиев.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу жобасы аясында Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық несие беретінінжазған едік. 

Еске салсақ, бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда бірінші Атом электр станциясын “Росатом” салатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Қазақстанда екінші АЭС-ті қытайлық компания салатыны белгілі болды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz