ка

Қарағанды облысында 23 жастағы қызды зорлады деген күдікпен аудан әкімі қамалды

11.05.2025 16:24
0
94
Қарағанды облысында 23 жастағы қызды зорлады деген күдікпен аудан әкімі қамалды

Қарағанды облысы полиция департаменті 23 жастағы қыздың зорлануына қатысты іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, Шет ауданында тұратын 23 жастағы қыздың арызы негізінде қылмыстық іс қозғалған.

"Сол күні күдікті полиция тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Прокуратура сот алқасына жеке апелляциялық өтініш түсірген. Арыз-шағымнан кейін үйқамақ бұлтартпау шарасы өзгертіліп, күдікті қамауға алынған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Желіде күдіктінің аудандық әкімдіктің қызметкері, нақтырақ айтқанда ауыл әкімі екені туралы ақпарат тарады.

Бұл жағдайға Шет ауданы әкімдігінен түсініктеме берілді. 

"Қылмыстық іс қозғалған сәтте ол ауыл әкімі лауазымын атқармаған. Бұл іс жеке сипатқа ие", – деді Шет аудандық әкімдігі.

Айта кетейік, Telegram-дағы "Патриот" арнасында зардап шеккен қыздың отбасы ұсынған ақпарат жарияланды. Қарағандылық ерлі-зайыптылар күдіктінің отбасымен дос болғанын, ал қыздары күдіктінің әкімдігінде жұмыс істегенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгенін жаздық. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Аталған факті бойынша, Қылмыстық кодекстің “16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий