"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қар жауады: Шымкентте және қзге 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Қар жауады: Шымкентте және қзге 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 11 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпалынан күн ашық болады. Тек оңтүстікте, шығыста және орталықта құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

"Кей жерде тұман, найзағай, бұршақ күтіледі, жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады", - дейді синоптиктер.

Түркістан облысында кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысында кей жерде тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды, кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысында кей жерде тұман түсіп, түнде және таңертең желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарағанды облысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Қостанай облысында кей жерде тұман түседі деп болжады мамандар.

Автор
Еркебұлан