ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодардағы көп қабатты үйдегі өрт оқ-дәріден шыққан

Павлодардағы көп қабатты үйдегі өрт оқ-дәріден шыққан

Павлодар қаласында адамның қазасына себеп болған өрттің неден шыққаны анықталды. Бұл туралы 7 наурызда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше оқиғаны тексеру қорытындысында 6 наурызда Павлодарда бес қабатты тұрғын үйде болған жарылыс куәгерінің сөзі келтірілген. Ол Суворов көшесіндегі қоқыс жәшігінен алты оқ-дәрі орамасы салынған пакет тауып алғанын айтқан.

"Оны сату мақсатымен танысына алып келген. Танысының пәтерінде екеуі оқ-дәрі орамасын ашып, жағып көрген. Салдарынан өрт шыққан" дейді полиция.

Өрт шыққан пәтер иесі қаза болған. Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.

6 наурызда Павлодардағы Мүткенов көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтері өртенген еді. Төтенше жағдайлар қызметі өрттен үш адамның зардап шеккенін хабарлаған.


Азаттық
Автор
Мадияр