"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында ормандағы өрт аумағы мың гектарға жетті

Павлодар облысында ормандағы өрт аумағы мың гектарға жетті

Павлодар облысында дала орман шаруашылығындағы өрт аумағы 1 мың гектарға жетті, деп хабарлайды KzNews облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Шарбақты ауданында, Галкин ауылдық округінде дала орман шаруашылығы аумағында, No 46, 47, 48, 49, 64-73 кварталдарында өрт болып жатыр. Орманды алқапта құрғақ шөптер мен ағаштардың (қарағайдың), эрозияға ұшыраған дақылдардың жануы, өрттің жалпы аумағы 1 мың га құрайды. Оның ішінде орманды алқап шамамен 300 гектарды құрайды », - делінген хабарламада.

Өрт болған жерде 45 техника мен 183 жеке құрам жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде өрттің шамамен аумағы 300 гектарға жуық екені хабарланған болатын .

Автор
Еркебұлан