Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өзбекстан Тәжікстанмен шекарасын минадан тазартты

Өзбекстан Тәжікстанмен шекарасын минадан тазартты

Өзбекстан Тәжікстанмен шекарасын минадан тазартып болғанын хабарлады. Бұл туралы Тәжікстан үкіметінің күш құрылымдарындағы дереккөздеріне сүйеніп, "Азия Плюс" жаңалықтар сайты жазды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2018 жылы наурызда Тәжікстанға жасаған сапарында 2019 жылдың соңына дейін өзбек-тәжік шекарасындағы миналарды алып тастауға уәде берген деп хабарлайды Азаттық радиосының Өзбек редакциясы.

Өзбекстан Тәжікстанмен арадағы шекараның таулы аймақтарын 1990 жылдардың соңында миналаған болатын. Ташкент бұл әрекетін "Өзбекстанның ислам қозғалысы" мүшелерінің шекарадан өтіп кетуіне жол бермеу" деп түсіндірген.

Душанбенің мәліметінше, соңғы 20 жылда Тәжікстаның 800-ден астам азаматы минаға түскен.


Azattyq
Автор
Еркебұлан