Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде адам ұрлап кеткен бес адамның соты басталды

Ақтөбеде адам ұрлап кеткен бес адамның соты басталды
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласының №2 соты адам ұрлау және бұзақылық баптары бойынша айыпталған бес ер адамға қатысты қылмыстық істі қарауға кірісті.

Шулы оқиға биылғы жылдың шілде айында болған болатын, деп хабарлайды kznews.kz HALYQSTAN-ға сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметінше, оқиғаға бір күн қалғанда Ақтөбедегі «Мәскеу» тұрғын алабында жәбірленуші жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Сол сәтте Lexus автокөлігі жолақ үстінде тоқтап, жүргізуші мен жаяу жүргінші арасында жанжал туындаған.

Араға бір күн салып, жүргізуші болған оқиға үшін кек алуға бел буған. Ол жаяу жүргіншінің тұрғылықты мекенжайын анықтап, сыбайластарымен бірге үйіне келген. Жәбірленуші өз шаруаларымен таксиге отырмақ болған сәтте, бес ер адам оны көліктен күштеп шығарып, Lexus автокөлігіне отырғызған. Кейін белгісіз бағытқа алып кеткен.

Адам ұрлау сәті сол маңда келе жатқан үшінші көліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалған. Куәгер дереу 102 нөміріне хабар берген. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында жәбірленуші құтқарылды.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот процесі басталған. Алайда азаматтардың ешқайсысы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.