Ақтауда алғаш рет республикалық қаламгерлер форумы өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Словакияда полицей болып киініп, ақша бопсалады деген күдікпен үш қазақстандық ұсталды

Словакияда полицей болып киініп, ақша бопсалады деген күдікпен үш қазақстандық ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Словакияның Тренчин қаласында үш қазақстандық ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, күдіктілер полиция қызметкерлерінің киімін киіп, ер адамның үйіне басып кірген.

Кейін оны ұрып-соққан. Осы іске байланысты барлығы төрт адам ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz TN Live басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

БАҚ мәліметінше, бес жігіт өзіне қарызы бар деген ер адамды іздеген. Олар оны туысының үйінен іздеп, ер адамның әжесіне полиция қызметкерлері екенін айтқан.

Күдіктілердің үстінде қара киім мен балаклава болған. Киімдеріне Словакияның Ұлттық қылмыс агенттігінің атауы – NAKA деген жазу жазылған.

Ер адамның әжесінің айтуынша, бейтаныс адамдар үйге басып кіріп, бөлмелерді тінти бастаған. Болған жағдайдан әйел қатты қорыққан.

Кейін ер адамды туысының үйінен тауып алып, ұрып-соққан деген болжам бар. Әйел жалған полицейлердің әрекетіне шағымданған. Осылайша ол жігіттердің құқық қорғау органдарына еш қатысы жоқ екенін анықтаған.

Төрт күдікті ұсталды

Полиция бес адамның төртеуін ұстаған. Бесіншісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Ұсталған қазақстандықтардың бірінің адвокаты қорғауындағы азаматқа аса ауыр айып тағылғанын хабарлады. Оның айтуынша, азамат адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, ақша бопсалау мақсатында адам ұрлады деген күдікке ілінген.

Алайда қорғаушы бұл айыптаумен келіспейді. Оның пікірінше, тергеу нұсқасы оқиғаның нақты мән-жайына сәйкес келмейді.

Күдіктілердің барлығы университет студенттері

БАҚ мәліметінше, күдіктілер Тренчин қаласындағы Александр Дубчек атындағы университетте оқиды. Олардың төртеуі 18 жаста, ал ең үлкені 21 жаста.

Университет ректоры Йозеф Габаник оқу орнына бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми ақпарат түспегенін мәлімдеді. Егер күдік расталса, студенттер оқудан шығарылуы мүмкін.

Прокуратура күдіктілердің қашып кетуі және жаңа қылмыс жасауы мүмкін деген қауіпке байланысты оларды қамауға алуды сұраған.

Егер сотта кінәсі дәлелденсе, жастар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

СІМ төрт қазақтың Словакияда ұсталғанын растады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Словакияда төрт отандасымыздың ұсталғанын растады.

“Оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар туыстарымен байланыс орнатылды. Жағдай министрліктің бақылауында”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Таиландта Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы Қазақстан азаматы ұсталғанытуралы жазған едік. 

Ер адам Қазақстанда алаяқтық жасады және ақша жылыстатты деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын 560 миллион теңгеден асады.

Таиландтық БАҚ мәліметінше, қазақстандық 3 қарашада Пхукет аралындағы Патонг ауданында орналасқан жатақханалардың бірінде ұсталған.

Полиция қызметкерлері ер адамның тұратын жерін анықтап, көрсетілген мекенжайға барған. Жатақхана қызметкері оларды күдіктінің бөлмесіне бастап апарған. Есік ашылған кезде қазақстандық жасырынуға тырысқанымен, полицейлер оны қолға түсірген.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.