Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Орны толмас қаза! Елге есімі танымал дәрігер мезгілсіз дүниеден өтті (ФОТО)

Орны толмас қаза! Елге есімі танымал дәрігер мезгілсіз дүниеден өтті (ФОТО)
ашық дереккөзден

Алматы қалалық кардиология орталығының жоғары санатты дәрігер-аритмологы, медицина саласының үздігі, PhD, "Bolashaq" халықаралық бағдарламасының түлегі Ғани Төлепбергенов мезгілсіз дүниеден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұм Lithuanian University of Health Sciences университетінде білім алып, кәсіби жолын Алматы қалалық кардиология орталығында жалғастырды. Ол жүрек ырғағы бұзылыстарын емдеу бағытында білікті маман ретінде танылып, талай науқастың өмірін сақтап қалуға үлес қосты.

Ғани Төлепбергенов қоғамдық іске де белсене араласты: "Bolashaq" түлектері Қауымдастық кеңесінің белсенді мүшесі, Медицина клубының көшбасшысы болды. Әріптестерімен бірге ауыл-аймақтарды аралап, дәрігерлерді жұмылдырып, халыққа тегін медициналық кеңес пен көмек көрсетуді ұйымдастырды.

Әріптестері мен замандастары оны кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол азамат ретінде еске алады. Ғани Төлепбергеновтің мезгілсіз қазасы медицина қауымдастығы мен қоғам үшін орны толмас ауыр қаза.

Марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер