"1,5 сағаттық жұмысты 1,5 минутта орындайды": Қазақстанда мұғалімдерге арналған ЖИ агенті жасалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бес адамның өмірін қиған өртке қатысы бар деген күдікті ұсталды

Бес адамның өмірін қиған өртке қатысы бар деген күдікті ұсталды
Фото: Ertenmedia.kz

Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған. Осы арқылы оқиғаның мән-жайын қалпына келтіруге мүмкіндік туған.

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты күдікті әйел ұсталды. Құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаға қасақана өрт қою себеп болуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үй өртеніп, өртті сөндіру барысында ішінен бес адамның мәйіті табылған болатын. Осы дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде жасалған қасақана өрт қою себеп болған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.