Қазақстандағы студенттер жатақханаларына полиция қызметкерлері бекітілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында ойнай ма? Теннисші екі шартты атады

Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында ойнай ма? Теннисші екі шартты атады
Фото: ktf.kz

Елена Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуі екі нәрсеге байланысты екенін жеткізді. Бірінші WTA турнирлерінің күнтізбесіне қарайды, екінші денсаулығына қатысты.

Әлемнің бірінші ракеткасы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Олимпиада жақындаған сайын ұлттық құрамада ойнау мүмкіндігін қарастыратынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz. Алайда ол WTA турнирлерінің күнтізбесі мен денсаулығы назарға алынатынын еске салды.

«Олимпиада циклі жақындап келеді. Құрамада ойнау мүмкіндігін қарастырамыз. Бәрі WTA күнтізбесі мен денсаулығыма байланысты. Сонымен бірге біздің басқа қыздарға да ойнауға мүмкіндік бергім келеді», – деді Рыбакина. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

27 жастағы теннисші журналистермен кездесер алдында Алматыдағы теннис орталықтарының бірінде жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Баспасөз мәслихатында ол құрамаға қатысты сұрақтармен қатар, 2027 жылғы маусымды қалай бастайтынын да айтты.

Жаңа маусымды Дубайда бастайды

Рыбакина қысқа демалыстан кейін Дубайда жаттығу жиынына кіріседі. Одан соң Кореядағы көрсетілім турниріне қатысып, Брисбенге аттанады. Бұдан кейін оны Австралияның ашық чемпионаты күтіп тұр.

Теннисшінің жаңа маусымдағы мақсаттарының бірі – «Ролан Гаррос» кубогын жеңіп алу. Рыбакина топырақ кортта бұл жүлдеге қол жеткізу қиын болатынын айтты. Маусым бойы рейтингтегі орнына алаңдамай, әр турнирде тұрақты өнер көрсеткісі келеді. Оның сөзінше, рейтингтегі ұпай айырмасы аса үлкен емес, сондықтан қарсыластары 2027 жылы оны жеңуге бар күшін салады.

«Алматыда өзімді жайлы сезінемін»

Рыбакина уақытының көп бөлігін Дубайда өткізетінін, сол себепті оны үйім деп атай алатынын айтты. Алматыда да достары көп, ауа райы ұнайды. Теннисші ет тамақ пен тәттілерді жақсы көретінін және Қазақстанның табиғатына жиі шыққысы келетінін жеткізді.

Рыбакина 2026 жылы мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанып, Австралия мен АҚШ-тың ашық чемпионаттарын жеңіп алды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда, 2025 жылы WTA қорытынды турнирінде топ жарған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.