Балаларға арналған «Айгөлек» журналының мазмұны қоғамда қызу талқыға түсті. Журналдың негізін қалаушы Қымбат Әбілдәқызы сынның астында қалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде басылымда жарияланған кейбір материалдар балалар психологиясына сай емес деген пікірлер айтылуда. Ақын әрі журналист Дариға Нұрашева журнал беттерінде тозақ, өлім және жер астындағы «өліктердің дауысы» секілді тақырыптардың орын алғанын атап өтті.
Бұл мәселеге қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан да назар аударды. Ол «Айгөлек» журналын балаларға діни-идеологиялық мазмұнды күштеп таңып отыр деп сынады. Оның айтуынша, балалар басылымы жас оқырманды қорқынышты немесе даулы діни тұлғалар арқылы емес, қазақ халқының игі тұлғалары мен тәрбиелік құндылықтары арқылы дамытуы керек.
“Біз «балаңды дұрыс тәрбиеле, замануи білім мен ғылымға бағытта» деп діңкеш ата-аналар мен шаршамақтасып жүрсек, «Айгелек» журналы балалар жүрегіне «ислам нұрын» төтесінен төгіп жатыр екенғой, ә? Мұхаммедтің қызы Фатиманы «Күйеуің Әли екеуің Абу Бакрды халиф деп мойындамадыңдар, ант бермедіңдер...» деп тепкілеп өлтірген озбыр Омар ибн Хаттабты «жеке шаруам-мемлекеттің ісі емес, өзімнің май шамымды жағып қараймын» дегізіп балаға сіңіру адамгершілік пе? «Айгелек» журналы бас редакторы Қымбат Әбілдина «Құдай алдында күнәлімін» десе діни журнал ашсын да, жассын ойындағысын. Ал балаларға арабтың озбырларын емес, қазақтың игі жақсылары тарихынан үзінділерді жазсын”, – дейді Тортуыл Шоқан.
Сын айтушылар егер редакция діни тақырыпты көтергісі келсе, оны балалар журналында емес, арнайы бағыттағы басылымда жариялағаны жөн екенін алға тартып отыр.