Тоқаев Мәскеуге барды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Арнайы техника, құтқарушылар”: Дариға Бадықованы салтанатты қарсы алған Жамбыл облысының ТЖД сынға ұшырады

“Арнайы техника, құтқарушылар”: Дариға Бадықованы салтанатты қарсы алған Жамбыл облысының ТЖД сынға ұшырады
Фото: sn.kz

Түсірілім тобының өңірге келген сәті түсірілген видео «Соңыра» фильмінің Instagram парақшасында жарияланған.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті актриса әрі продюсер Дариға Бадықова бастаған «Соңыра» фильмінің түсірілім тобын салтанатты түрде қарсы алуы әлеуметтік желіде сынға қалды. Қоғамның наразылығынан кейін ведомство бұл шараның мақсатын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Кадрларда қызметтік киімдегі құтқарушылар мен арнайы техниканың қатысуымен ұйымдастырылған қарсы алу рәсімі көрсетілген.

Жазба көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі құтқарушылардың шығармашылық топты мұндай салтанатпен қарсы алуына күмән келтіріп, шараның қажеттілігіне қатысты сұрақтар қойды.

Осыған байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, ұйымдастырылған шара өкілдік және ұйымдастырушылық сипатта болған. Оның басты мақсаты – құтқарушылар қызметін көпшілікке таныстырып, мамандардың қоғамдағы беделін арттыру.

«Аталған іс-шараның өткізілуі тек өкілдік және ұйымдастырушылық сипатқа ие болды. Оның негізгі мақсаты – құтқарушылар қызметін кеңінен насихаттау және олардың қоғамдағы беделін арттыру. Қызметкерлердің іс-шараға қатысуы бөлімшелердің жедел әзірлігіне ешқандай кері әсерін тигізген жоқ. Жеке құрам мен арнайы техника негізгі қызметтік міндеттерді орындаудан алаңдатылған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.