"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев қоры неге қаржылық мониторингтен тыс қалды? Агенттік жауап берді

Назарбаев қоры неге қаржылық мониторингтен тыс қалды? Агенттік жауап берді

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Назарбаев қорының не себепті ақшаны жылыстату мониторингіне ілікпегенін түсіндірді.

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасында заңсыз жолмен алынған қаржыны жылыстатуға қарсы бақылау жүргізілетін ұйымдардың тізімі көрсетілген. Алайда бұл тізімде эндаумент қорлар мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры жоқ.

"Қаржылық мониторинг субъектісі ретінде тіркелудің өзі не береді? Назарбаев қорына қаржы қайдан түседі? Қаржы ұйымдарынан, яғни банктер мен төлем ұйымдарынан түседі. Ал бұл ұйымдар онсыз да Қаржылық мониторинг субъектілері болып саналады. Біз оларға арнайы критерийлер бойынша бақылау жүргіземіз. Егер қор банктен ақша алса, ол ақша заңды ма, жоқ па - соны көріп отырамыз. Күмән туындаса, бізге хабарлама түседі, әрі қарай оны талдаймыз, — деді Жеңіс Елемесов.

Журналист “Бұл жауаптан Қаржылық мониторинг агенттігі Назарбаев қорын күдік тудыратын ұйым ретінде қарастырмайды деп түсінуге бола ма?” деп нақтылаған кезде, Елемесов:
"Иә", - деп қысқа жауап берді.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек заң жобасындағы бұл олқылыққа алаңдаушылық білдіріп, Astana Hub, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Жасыл даму» акционерлік қоғамы сияқты ұйымдардың да қаржылық мониторингтен тыс қалып жатқанын сынға алды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.