Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды - Елбасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы салдарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды. Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – делінген Елбасының жеделхатында.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


kaz.zakon.kz
Автор
Жандос